Алан Құрманғалиев — үстел теннисінен қазақстандық тұңғыш әлем чемпионы

Алан Құрманғалиев 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сайыста мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Марии Берзосты (Португалия/Испания) ұтты. Есеп: 3:0.

Айта кетейік, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық – Такуми Танимото мен Рин Мендені жеңді. Есеп: 3-2.

Алан – үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Аланның бапкері – Эльмира Əлиева.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты 11 желтоқсанда аяқталады.