«АрселорМиттал Теміртауда» жұмысшы қаза болды

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер қаза болды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 28 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. Сонымен қатар 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды.