Қазақстандықтар әлемнің 29 еліне тікелей рейстермен ұша алады

Ішкі әуе рейстерді аптасына 687 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 5 отандық әуе компания орындайды. Осы жылы NEOS әуе компаниясым Алматы – Милан, «Эйр Астана» компаниясы Алматы – Ираклион, Vietjet Air компаниясы Алматы – Нха Транг, Jazeera Airways компаниясы Түркістан – Кувейт, AnadoluJet компаниясы Алматы – Анкара және Астана – Анкара және Pegasus Airlines компаниясының Алматы – Анкара, Алматыдан Сургутқа, Тюменьге және Новосибирге, сонымен қатар Астанадан Санкт-Петербургке жаңа бағыттары ашылды. «Түрікменхаваеллары» компаниясы Алматыдан Ашхабадқа әуе рейстерді қалпына келтірді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Нячангқа 25 желтоқсаннан бастап, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге 2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде рейстер ашылады деп күтіледі.

26 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында Алматы – Маэ бағыты бойынша рейстер ашылмақ. Сонымен бірге Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстер ұлғайды.