Астанадан Ыстамбұлға ұшатын рейс 30 сағатқа кешікті

Бұл туралы азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар 26 қарашада ұшуы керек еді.

Pegasus Airlines әуекомпаниясының Астана – Ыстамбұл бағыты бойынша 229 рейсінің 26 қарашадағы ұшуы техникалық себептерге және экипаж уақытының аяқталуына байланысты 30 сағатқа кешіктірілді, — делінген хабарламада.

Ведомство рейстің жолаушыларына Қазақстан заңнамасында көзделген қызметтер (сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) көрсетілгенін айтады.

Азаматтық авиацияданың басты мақсаты – ұшу қауіпсіздігі, – делінген хабарламада.