Екібастұз жылу электр орталығы мемлекет меншігіне қайтарыла ма?

Вице-премьер журналистердің жауап бере отырып, ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтармас бұрын жағдайды сараптау керек екенін айтты.

Мәселе талданып жатыр. Мұндай шешімдерді қабылдамас бұрын ондағы жағдайды зерттеу керек. Бұл мемлекетке шамадан тыс ауыртпалық болса, шын мәнінде нысанды өзімізге алып, иесіне сыйлық жасаймыз, оған қаржы саламыз. Біз алдымен жағдайды бірлесіп түзеу мәселесін қарастыруымыз керек, — деді премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Еске салсақ, 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.