Еңбек министрі еліміздегі кедейлік деңгейі туралы айтты

Барлық елде кедейлік бар. Абсолютті кедейлік және салыстырмалы кедейлік бар. Егер Қазақстанды қарастырсақ, бұл жерде салыстырмалы (кедейлік). Жалақы өсіп жатыр, сонымен бірге әлеуметтік төлемдер, қажеттілік пен баға да өсіп жатыр. «Кедейлік болмайды, кедейлік жоқ» дей алмаймыз. Дегенмен адамдарды қолдап, кедейліктің болмауына көмектесуге болады, — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова

Министрдің айтуынша, кейбір қазақстандықтар әлеуметтік көмектің бар екенін білмейді. Ол көпбалалы қазақ отбасыларының біріне қатысты жағдайды айтып, ерлі-зайыптылардың айына 110 мың теңгеге жуық ақшасын алмағанын айтты.