Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

Полиция қызметкерлері Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шара жүргізді. ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты растады.

Күдікті – 42 жастағы Х есімді азамат. Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі мен белгісіз тұқымды тастар тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша тіркелді.

Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталады.