Қазақстанға 210 мың доза Pfizer вакцинасы жеткізілді

Словакиядан гуманитарлық көмек алдық. Екпе алғысы келетіндердің барлығы вакцина салдыра алады. 210 мың доза Pfizer бар. Көбіне адамдар ревакцинацияны бір дозамен салдырады, — деді министр сенаттағы үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір елімізде вакцинаның үш түрі бар. Осы орайда QazVac, Sinopharm және Pfizer-дің 700 дозасы бар.

Екпе салу жүріп жатыр. Тәулік сайын 2-3 мың адам ревакцинацияға келіп жатыр, — деді министр.