Әкімдік: Екібастұзда 58 тұрғын үй сусыз отыр

Әкімдік өкілінің мәліметінше, қазір қалада 17 көпқабатты тұрғын үй жылусыз отыр, сумен жабдықтау жүйесінде де түйткілдер бар.

Су арнасы бойынша ресми деректер мынандай. 58 тұрғын үй қазір сусыз отыр. Бірақ ол үйлерге суды көлікпен жеткізу жұмысы ұйымдастырылған. Қатып қалған су құбырларын жібітіп жатыр, — деді Олег Крук.

1 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу желісіне қосылмаған күйі қалып отыр.

Жедел штабтың мәліметінше, 5А, 5Б және 6 шағын аудандарда 132 көпқабатты, 114 жеке үй және 13 әлеуметтік нысанда жылумен жабдықтау қалпына келтірілді.