Алматы облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды

30 қарашада Алматы облысы полиция департаменті КПБ қызметкерлері мен Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орын табылған.

Дерек ҚР қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер 3 Калашников автоматын, Макаров жауынгерлік тапаншасын, 2 граната мен 100-ден аса түрлі патрондарды тауып, тәркіледі, — делінген хабарламада.