Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша департаменті АlanParking ЖШС директоры М. Базарбаевқа және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры М.Пірінбековке қатысты 436 миллион теңгені жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі теергеуді аяқтады. Сотқа дейінгі тергеу барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді, — делінген хабарламада.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қылмыстық іске негізгі қатысушы әрі ұйымдастырушы М. Боранбаевқа халықаралық іздеу жарияланған.
Айта кетейік, 2022 жылдың сәуір айында AlanParking ЖШС басшысы Мұхтар Базарбаев пен «Алматы спецтехпаркинг Сервис» директоры Марат Пірінбековтің қамауға алынғаны хабарланды.
Сәуір айында ақылы автотұрақтар коммуналдық меншікке қайтарылды. 25 сәуірден бастап автотұрақтардан түскен барлық кіріс қала бюджетіне түседі.