Тоқаев ҰҚК мен Антикор төрағаларын тағайындады

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Олжас Абайұлы Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымында қалды.

Жанат Қалдыбекұлы Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.

Айта кетері, олар бұған дейін де аталған ведомстволарды басқарды.