Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорғаннан шығыс бағытта дизель отынын пайдаланатын автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелген.

Бұдан әрі 410-шақырымға дейін көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

Сонымен қатар температураның төмендеуі және екпінді жел Алакөл ауданы арқылы Абай облысына қарай өтетін учаскедегі автомобильдердің қозғалысын шектеуге мәжбүр етті, — дейді Жетiсу облысы полиция департаменті жол полициясы басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.