Журналистерді қорғау туралы өтініш назарға алынды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.

Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының журналист әйелдерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды, — деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.