Сенат депутаты толық емес отбасыларға 2% ипотеканы қайтаруды ұсынды

Бұл туралы ол сенатта тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған үкімет сағатында айтты.

Жуырда «толық емес» отбасылар жылдық 2%-тік кредитпен үй алу мүмкіндігін көздейтін «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылған болатын.

Депутаттың айтуынша, мұндай шешім бірнеше себепке байланысты қабылданды. Соның бірі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, ажырасқандар санының екі есе өсуі. Мысалы, 2019 жылы — 27,4 мың, ал 2020 жылы 59,8 мың ажырасу тіркелген.

Мүмкін, бұл жерде шындық бар шығар. Алайда бүгінде 148 мыңнан астам толық емес отбасы баспанаға мұқтаж екенін түсіну керек. Оның 60% табысы бір күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар. Мұндай отбасылардың көпшілігі үшін жылдық 5% тұрғын үй алу өте ауыр болады, — деді Шайдаров.

Осыған байланысты сенатор баспанаға мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарын айқындау жөніндегі тәсілдерді қайта қарау қажет деп санайды.

Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органдар осы мәселені жан-жақты зерделеп, үйге шынымен де мұқтаж толық емес отбасылар үшін жылдық 2% кредиттік тұрғын үй алу тетігін, соның ішінде халықтың осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізуді айқындауы қажет деп санаймын, — деді Шайдаров.