Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Департаменттің мәліметінше, 10 қараша күні түскі сағат 14:57–де өрт сөндіру көліктері Бостандық ауданы, Абай даңғылы мен Қашғар көшесінің қиылысында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне жіберілді.

Оқиға орнына 4 минутта жеткен алғашқы бөлімше 9 қабатты ғимаратың 2-қабаты жанып жатқанын анықталды. Қабылданған шұғыл шаралардың арқасында өрт 15:07-де оқшауланып, 15:13-те толық сөндірілді, — делінген хабарламада.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.