Үшарал-Достық автожолы қолайсыз ауа райына байланысты жабылды

25 қараша сағат 08:30-дан бастап Жетісу облысында күннің бұзылуына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Үшарал-Достық» автожолының 87-184 километр Көктума-Достық станцияларының аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды, — делінген хабарламада.