Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мәліметінше, 24 қарашада елдің батыс, 24-26 қарашада солтүстік және шығыс аймақтарына Самар облысы аудандарынан келген циклон әсер етеді, батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада елдің шығысында қар жауады.

Республика бойынша жел, тұман, солтүстікте, шығыста, орталықта боран күшейеді деп күтіледі.

Кезеңнің аяғында республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстікте, шығыста, орталықта ауа температурасы түнде және күндіз 20-29 аязға дейін төмендейді деп күтіледі, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да