Тоқаевтың штабына дүниежүзінің 37 елінен БАҚ келді

Штабқа дүниежүзінің 37 елінен шетелдік 44 БАҚ өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Бельгия, Испания, Австрия, Швейцария, Корея, Үндістан және тағы басқа елдерден келген журналист бар.

88183b946cc5f0e8c96b2e66e1c74a7e 19 Тоқаевтың штабына дүниежүзінің 37 елінен БАҚ келді
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.

«Бұл – көпфункционал, жоғары технологиялық орталық. Осы жерде сайлау науқаны кезінде белгілі бір шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік жасалды. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияға кірген ұйымдардың өкілдері бір ай бойы, күні-түні жұмыс істеді. Штаб жұмысы ашықтық қағидаттарына сай және заң талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды», — деді Асхат Оралов.

28c5637b237d55031f1b3772d731c041 5 Тоқаевтың штабына дүниежүзінің 37 елінен БАҚ келді
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Кездесу қорытындысында шетелдік БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізілді. Оның барысында Amanat партиясының атқарушы хатшысы журналистерді қызықтырған сұрақтың бәріне жауап берді.

Сонымен бірге сайлауалды кезеңдегі штаб қызметімен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламенттік ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының және Америка Құрама Штаттарының және тағы басқа халықаралық байқаушылары да танысты.

88183b946cc5f0e8c96b2e66e1c74a7e 20 Тоқаевтың штабына дүниежүзінің 37 елінен БАҚ келді
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Айта кетейік, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

28c5637b237d55031f1b3772d731c041 6 Тоқаевтың штабына дүниежүзінің 37 елінен БАҚ келді
Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да