Басты бетАлакөл демалыс...

Алакөл демалыс аймағы жабылды

Қазақстан аймағындағы тексеру жүргізілген 147 нысанның 139-ы санитарлық талаптардан өтпей қалды. Олардың қауіпсіздік жағдайы қарастырылмаған, қажетті инфраструктуралары жоқ.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов демалыс аймағындағы кәсіпкерлерге бірқатар тапсырмалар берді. Олар орындалмайынша, жұмыс істеуге тыйым салынды. Жаңадан құрылыс жүргізуге де жер берілмейді.

Есесіне әкімшілік 550 миллион теңге қаражат бөліп, жағалау мен жолдарды жөндейтін болды.

«Бұл дегеніңіз әлеуметтік жауапсыздық. Бәрі өз қалталарын толтыру үшін жұмыс істеген. Ешкім қауіпсіздікті, жайлылықты, санитарлық талаптарды ескермеген. Жарайды, бұл өткен жылдың нәтижесі. Алайда биылғы жылы барлық талаптар орындалмай, ешкім ештеңе алмайды. Бәрі тоқтатылды. Бәрін ретке келтіріңдер, достарым», — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Алакөл — еліміздегі емдік қасиеттерге бай аймақ. Ол Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларының аралығында орналасқан.

Дереккөз1tv.kz