McDonald’s Қазақстандағы жұмысын уақытша тоқтатады

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салып жатыр. Мейрамханалардың ашылу мерзiмi туралы кейінірек хабарланады, — делінген хабарламада.

Food Solutions KZ ЖШС компаниясы Қазақстанда 6 жылдан аса уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі саналады.

Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2 000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Кейінгі алты жылда компания қайырымдылыққа 80 миллион теңгеден аса қаражат аударған.