Тоқаев бағдарламасы: жас кәсіпкерлерге 2,5%-тік кредит беріледі

Мәселен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханаларының бірінде студенттермен кездесу өтіп, оның барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын дамыту жөніндегі басымдықтарына назар аударды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында ел жастары өзін дамытуы үшін оларға тең әлеуметтік-экономикалық мүмкіндік жасау мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын жеңілдетілген кредит беру процесі іске қосылады. Студенттердің стипендтиясы екі есе өседі. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі», – деді республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Фото: президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Сонымен қатар жастарға арналған 2,3 миллион жұмыс орнын құру, тұрғын үй сатып алу құралдарын кеңейту, креатив индустрияны дамыту және тағы басқа бастамалар қарастырылған.

Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сарапшылармен және саясаттанушылармен бірге сайлауалды бағдарламаның саяси өзгерістерге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған блогын талқылады.

Фото: президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Олар Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жаңа саяси модельде үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар, саяси партиялар, тәуелсіз БАҚ, кәсіподақтар сынды азаматтық қоғам институттары маңызды роль атқаратынын айтты.

Фото: президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Осы күні шағын орта бизнес өкілдерімен кездесу өтіп, оның барысында РҚШ мүшелері кандидаттың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бастамаларын түсіндірді.

Алдағы жеті жылда мемлекеттің барлық күш-жігері кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталады. Бәсекеге қабілетті бизнестің дамуына кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады. Ел экономикасына 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тарту, дайын өнім шығару үшін бизнеске қолжетімді шикізат жеткізуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 4,7 миллион адамға дейін өсуін қамтамасыз етіледі.

Фото: президенттікке кандидат Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы

Шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде РҚШ мүшелері кандидаттың тарихи мұраны сақтап қалу, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шараларын талқылады.

Айта кетейік, сайлау науқаны басталғалы бері штаб мүшелері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шараларын өткізді.

Дайындаған: республикалық қоғамдық штаб
Астана қаласы, Қонаев 12/1
Тапсырыс беруші: М.Ж.Оспанов
Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сайлау қорынан төленді.