ОСК: Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Учаскелік комиссиялар өз өкілеттіктері бойынша тізімдердегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды, оларға тиісті өзгерістер енгізу мәселелерін шешеді. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды, — деді ОСК төрағасы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте.