Темекі шегу өмірді қысқартады, ал одан бас тартудың тиімді әдісі бар ма?

Стэнфорд университетінің зерттеушілері әр 25 жыл сайын орташа өмір сүру ұзақтығы үш жылға артады деген қорытындыға келді. Мұның бірнеше себебі бар. Ғылым мен медицинаның дамуы өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етті, өйткені бұрын өлімге әкелетін және емделмейтін деп есептелген ауруларды бүгінде бақылауға алуға болады.

Өмірді ұзарту үшін не істеу керегі туралы білім де артып келеді. Атап айтқанда, жаман әдеттерден және ең әуелі темекі шегуден бас тарту. Егер бірден және батыл түрде жасауға ерік-жігер жетпесе, тым болмаса зиянды азайту жолын таңдау, дәстүрлі темекіге емес, зияны азырақ баламаларға артықшылық беру.

«Тәжірибесі бар» темекі шегушілер ешқашан темекі шекпеген құрдасына қарағанда орта есеппен 10 жыл аз өмір сүретіні белгілі. Темекіні тастау ешқашан кеш емес. Мысалы, темекі шегуді 35 жаста тоқтатса, онда орташа өмір сүру ұзақтығы 8,5 жылға артады. Егер 60 жаста темекіден бас тартса, онда бұл шамамен 3,7 жыл өмір қосады.

Біз қазақстандықтар арасында шағын сауалнама жүргіздік және олардың темекі шегумен қалай күресетінін және бұл күрес оларды қандай нәтижелерге әкелгенін анықтадық.

Дастан, 40 жаста

Дастан шағын, бірақ табысты компанияда топ-менеджер болып жұмыс істейді. Ол 23 жыл бойы темекі шегеді және «жай әншейін тастай алмайтынын» мойындайды.

«Менің әңгімем темекі шегумен сәтті күресу туралы емес, оның сәтсіздігі туралы, бірақ менде бәрі әлі алда және бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін. Әзірше мен бірнеше рет сәтсіздікке ұшырадым. Бүгінгі өмірім күйзеліске толы және әдеттегі темекісіз мен өзімді мүлдем жайсыз сезінемін».

Темекі оған психологиялық тұрғыдан тыныштануға, қарым-қатынас орнатуға және жаңа іскерлік танысуларды жеңілдетуге көмектеседі деп есептейді.

«Өзімді ақымақ адам деп есептемеймін және бұл көбінесе иллюзия екенін түсінемін, бірақ никотинге тәуелділіктің бар екенін білемін, сондықтан өзімді айыптамаймын, бірақ ерік-жігерді жинап, темекі шегудің әдеттегі және тыныштандыратын ритуалын немен алмастыруға болатынын ойланып жүрмін. Жайдан жай тастай алмаймын, өйткені 23 жылдан бері шегіп келемін. Мектептегі кезіме орала алсам, темекі шегуді бастамас едім», — деді Дастан.

Оның айтуынша, кейбір достары зияны азырақ түтінсіз баламаларға өте алды және ол да бұл нұсқаны қарастырады, «бірақ әлі шешім қабылдаған жоқ».

Әлия, 35 жаста

Әлия сату саласында жұмыс істейді, адамдармен көп қарым-қатынас жасайды және ол үшін темекі шегу әрқашан өзін еркін сезіну және басқа адамдармен ортақ тақырыптарды табудың ритуалы болды.

«Бірақ мен оқып, хабардар болып жүретін адаммын және темекі шегудің зияны туралы ақпаратты елемеуге болмайды. Оның үстіне, қыз балаға бұл ішкі өзгерістер ғана емес, сонымен қатар сыртқы өзгерістер — бет терісі нашарлайды, шаршап жүресің»

Ол осы әдетінен қалай арылуға болатыны туралы ақпаратты іздеп, оқи бастады. «Адам никотинге бола темекі шегеді, ал шайырлар мен зиянды заттардың кесірінен қайтыс болады», дейді Әлия.

Сондықтан ол жанбайтын түтінсіз құрылғыларды таңдады.

«Ғалымдар бұл зиянды бірден 95%-ке дейін төмендететінін дәлелдеді, бірақ мен мұнымен тоқтап қалмаймын және болашақта өз гаджетімнен де бас тартқым келеді», — деп мойындайды ол.

Медициналық ортадағы абсолютті консенсустік пікір: темекіні тастау керек, бірақ мұны істей алмасаңыз, онда түтінсіз құрылғыларға ауысу туралы ойланған дұрыс.

Тимур, 23 жаста

Тимур өзі ешқашан темекі шекпеген және шекпейді де, бірақ оның отбасында әкесі мен атасында осы әдет бар.

«Атасы көп уақыттан бері темекі шегеді және ол жиі жөтеледі, бірақ ол қыңырлықпен тастағысы келмейді. Ал әкесі темекіні электрониканың пайдасына тастады. Мен туыстарыма қарап, өзіме темекі шекпеуге сөз бердім. Өкінішке орай,  барлық досым менің ұстанымыма қосыла бермейді. Алайда айналамдағылар темекіден гөрі түтінсіз құрылғыларға артықшылық беретінін байқадым. Түтін аз, жағымсыз иіс аз. Мысалы, темекі шегетін достарымның қасында түтіннің өткір иісінен тіпті отырудың өзі ыңғайсыз».

Тимурдың айтуынша, зиянның азаюына қарамастан, ол вейптерге және қыздырылатын темекіге ауысқандарды мүлдем тастауға «көндіреді».

«Салауатты өмір салтынан артық ештеңе жоқ және достарым мұны жақын арада түсінеді деп үміттенемін. Мысалы, олардың арасында ең төзімдісі, аз шаршайттыны, жақсы ұйықтайттыны және жабырқауға немесе депрессияға бейім емесі — өзім. Менің ойымша, СӨС бұл жерде маңызды рөл атқарады».

Зиянды азайту жөніндегі «Денсаулық» қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйене отырып, Қазақстандағы барлық өлімнің 86%-і жұқпалы емес аурулардан болғанын айтады. Олардың дамуының негізгі қауіп факторларының бірі — темекі шегу.

«2020 жылы біз зиянды азайту тұжырымдамасының қағидаттарын қолдану арқылы жұқпалы емес аурулардың алдын алу және онымен күресу үшін «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығын құрдық. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты – зияны азырақ баламаны ұсыну. Темекі шегуші үшін бұл зиянның негізгі көзін – түтінді болдырмау үшін кәдімгі темекіден түтінсіз баламаларға ауысу».

«Темекі шегуден болатын зиянды азайтудың ең жақсы жолы – «темекі шегуді ешқашан бастамау немесе тастау», — деді ол, бірақ темекі шексеңіз және бұл әдеттен бас тарту қиын болса, бұл тәуелділік болғандықтан, «зиянды азайту керек».

«Жанбайтын зияны азырақ өнімдерге өту арқылы өмір сүру ұзақтығын қысқартатын және мезгілсіз қазаның кең таралған себептері болып табылатын бірқатар жұқпалы емес аурулардың өршу қаупін азайтуға болады», — деді Бақыт Түменова.