Осы орайда Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығы Түркиядағы отандастарымызды сақ болуға шақырды.
Жарылыс Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде болды. Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадалары, құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр.
ҚР Ыстамбұлдағы бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді. Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.
Ыстамбұлдағы ҚР бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.