Алматыда барахолкадан тағы өрт шықты

Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы 7Б мекенжайына өрт сөндіруге барған.

Кептеліске қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өртсөндірушілер барғанда контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды, — делінген хабарламада.