Каспий жағалауынан 100-ден астам өлі итбалық табылды

Су жануарлары Форт-Шевченко қаласы мен Баутино ауылының ортасындағы теңіз жағасына шығып қалған. Мамандар әр жерде шашылып жатқан итбалықтардың өлексесін жинап алды.

Жануарлардың денесі ыдырап кеткендіктен, зертханалық зерттеуге жата ма жоқ па әлі белгісіз. Сонымен қатар су мен топырақтан сынамалар алынды, — делінген хабарламада.