Алматы әкімдігі жүргізушілерге үндеу жасады

Құрметті алматылықтар! «Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін, 8 қарашада Алматыда күндіз қатты жаңбыр жауып, көктайғақ болады. 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түнде ауа температурасы -1 градусқа дейін төмендейді. Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге дер кезінде ауыстыруды ұсынамыз, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға, өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.