Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша өкпенің қатерлі ісігі – дүниежүзінде таралу деңгейі бойынша екінші қатерлі ісік. 85% жағдайда аталған қауіпті аурудың себебі темекі тартудан болады. Неліктен темекі шегушілер қатерлі сырқатқа шалдығады?

Темекі шегушінің ауруға шалдығуының себебі шылым түтінімен бірге ішіне тартатын заттардан болады. Шылым жанған кезде мыңдаған түрлі қоспалар пайда болады. Олардың көбісі өте зиянды. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы денсалық сақтауды жақсарту жөніндегі кеңсенің шолуларының бірінде тұжырымдалғандай, дәл осылар қатерлі ісік жасушаларының пайда болу себебіне айналады.

Шолуда келтірілген деректерге сәйкес, темекі түтінінде никотиннен басқа 6 400-ден астам химиялық қосынды бар. Олардың 69-ы – қауіпті зат. Бұл – нағыз у, олар ісік жасушаларының өсуін асқындырады. Олардың ішінде, атап айтқанда, — бензопирен, тұншықтырғыш газ, аммиак.

Бұрын «Никотиннің бір тамшысы жылқыны өлтіреді» деп айтылатын, бірақ 1970 жылдардың басында-ақ темекі шегушілердің ағзасында қатерлі ісік тудыратын никотин емес екендігі ғылыми түрде дәлелденген еді. Иә, никотин әдеттенуді тудырады. Соның кесірінен адамдар темекі шегеді,  ал дәрігерлер «темекі шегу – тәуелділік» дейді. Алайда никотин өзінен өзі қатерлі ісікті те, қандай да бір ауруды тудырмайды. Дегенмен темекі шегудің салдарынан адам «шылымның тұтқынына» айналады – никотиннің кесірінен тәуелділіктен арылу қиын, сөйтіп ағза жылдар бойы темекі түтінінен улана береді.

Ғалымдар зерттеу жүргізіп, темекі шегушілердің түтінсіз никотин түскендегі реакциясын көрсетті. Заманауи түтінсіз құрылғыларда жану үрдісі жоқ. Олардан никотин жанусыз және түтінсіз бөлінеді. Ал түзілетін будың зияны 90-95% азырақ. Бұл ағзаға негізгі зиянды шынымен де түтіннің бөлшектері келтіретінін растады. Түтін болмағанда, биологиялық көрініс толығымен өзгереді.

Жуырда Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі түтінсіз құрылғылардың темекі шегуге қарағанда қаупі азырақ екендігін растады. Лондон корольдік колледжінің қызметкерлері 400-ден астам ғылыми зерттеу жүргізді және әдеттегі темекінің никотині бар электрон темекіге қарағанда әлдеқайда зиянды екендігін анықтады. Дегенмен вейптер абсолют қауіпсіз емес, әлі де денсаулыққа, әсіресе, кәмелетке толмаған азаматтардың ағзасына айтарлықтай залал келтіруі мүмкін.

Өзге ағылшын ғалымдары The Journal of Internal and Emergency Medicine журналында темекіден шылымды қыздыру жүйелеріне ауысқанда шылым шегушілер үшін қауіптің төмендеуін зерделеген зерттеулер нәтижесін жариялады. Шылымды қыздыру жүйелерін пайдалану, темекі шегумен салыстырғанда, улы заттардың әсер етуін бірнеше есе төмендететіні анықталды. Ал қыздыру жүйелеріне ауысқандардың көпшілігінің көрсеткіштері 2-3 айдан кейін темекі шегуді тастағандармен бірдей болды. Осылайша, қыздырмалы шылымға ауысу темекі шегуден толық бас тартқанмен пара-пар екендігі дәлелденді. Бұл – темекідегі ең қауіпті әрі зияндысы түтін екендігінің тағы бір дәлелі.

Жүздеген темекі шегушіні қамтыған, The Journal of Internal and Emergency Medicine журналында жарияланған ұзақ мерзімді зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, түтінсіз никотині бар өнімдерге толық өту қатерлі ісіктің, атап айтқанда өкпе қатерлі ісігінің деңгейін бірнеше есе қысқарты.

Ресей онкологтары да негізгі қатер түтіннен келетініне келіседі. Олар оны темекі шегушілердің ауыс қуысында, өңеште және мойын бөлігінде, сонымен қатар өкпеде тез асқынатын қатерлі ісіктің дамуының басты себебі деп есептейді.

«Сондықтан темекіні тастай алмайтын адамдарға, сонымен бірге сырқатқа шалдыққандарға шылымды қыздыру жүйелері – аурудың даму қаупін және асқынуын төмендетудің нақты мүмкіндігі. Біз мұны өзіміздің клиникалық тәжірибемізден біліп отырмыз», – деді РОӨМОҚ президенті, онколог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Али Мудунов.

Ғалымдар бірдей қорытынды шығарды: темекінің зияны — оның түтіні.