Алматы облысының ауруханасына бес адам дене жарақатымен түсті

6 қараша сағат 00:55 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасына түрлі жақаттары бар 5 адам келіп түскен. Олардың біреуі алған жарақаттары салдарынан қаза болған. Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс ҚР қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеліп жатыр,- делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын анықтау, сонымен қатар болған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.