Басты бетЖаңалықтарАзиада: Қазақстан...

Азиада: Қазақстан құрамасы төртінші орында

Бүгін қазақ елі ұйқысынан енді оянып жатқанда Күншығыс елінде трамплин спорты бойынша тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко (238.0 ұпай) қола жүлдені жеңіп алды.

Одан кейін, қазақстандық шорт-трекші аруларымыз командалық сында тағы бір қола жүлдені жеңіп алып, мерейімізді тасытса, көп күттірмей, конкиші жігіттеріміз де эстафеталық жарыстан тағы бір қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, бүгін Хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларын 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал конькиден 10000 метрде сынға түскен жерлесіміз Дмитрий Бабенко жеңіс тұғырынан көрінуге бір саты жетпей қалды. Ол аталған қашықтықты төртінші орынмен аяқтады.

Бүгін керлингтен Қазақстанның ерлер құрамасы соңғы ойынын қытайлық Тайбэй құрамасына қарсы өткізіп, 13:2 есебімен ойсырай ұтылып жарысты біржола аяқтады. Жалпы керлингшілеріміз Азиадада бес ойын өткізіп, біреуінде ғана катарлықтармен өткен ойында 12:4 есебімен қарсыластарын ұтып, қалған төртеуінде жеңіліс тапты. Ең алғашқы жарыста Қытай құрамасымен жолығып,  12:1 есебімен жеңіліс тапса, екінші ойында Оңтүстік Кореяға да 12:1 есебімен жеңілді. Ал үшінші ойында шаршы алаң қожайындарына 13:4 есебімен жол берсе, бүгін қытайлық Тайбэй құрамасынан 13:2 есебімен жеңіліс тапты.

Ал бүгінгі жалпы есепте көш басында Жапония спортшылары келе жатыр. Олардың еншісінде қазірге 12 алтын, 11 күміс, 7 қола медаль болса, екінші орында келе жатқан Оңтүстік Корея елінің қоржынында 10 алтын, 11 күміс, 13 қола медаль бар. Үшінші орында келе жатқан Қытайда 6 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль бар.

Қазақ елі 1 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен төртінші орынды сақтап тұр.

ДереккөзInform.kz