Тоқаев Корея президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

«Сеулдің Итэвон ауданында көп адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, 29 қазанда Сеулдің Итхэвон ауданында Хэллоуинді тойлау кезінде 151 адам қаза болған, оның 19-ы — шетел азаматы.

Сонымен бірге Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Кореяның жоғарғы оқу орындарының бірінде оқыған Ақтөбе облысының 26 жастағы тумасы да осы оқиға кезінде қаза болғанын хабарлады.