Басты бетЖаңалықтарЕлімізде қанша...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Бұл туралы еңбек министрлігі хабарлады.

Еңбек мигранттары негізінен Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және Ұлыбританиядан келеді.

Қытайдан 3 539 адам, Үндістаннан 1 801 адам, Түркиядан 1 707 адам, Өзбекстаннан 1 487 адам, Ұлыбританиядан 1 125 адам келді, – делінген хабарламада.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 399 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел азаматтары ең көп жұмыс істейтін салалар:

  • құрылыс саласында – 6 137 адам (40%);
  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 515 адам (10%);
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 211 адам (8%);
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 143 адам (8% );
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 071 адам (7%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Ведомство таратқан мәлімет бойынша, осы жылдың қаңтар айында еңбек министрлігі ШЖК тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке (25%) қысқартты.