«7-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады?

Банк төрағасы қаражаттың қаншалықты жылдам игерілетініне байланысты уақыт белгіленетінін атап өтті. Оның айтуынша, инфляция жылдық мәнде 17,7% жетті. Ең көп үлесті азық-түлік бағасының өсуі жалғастырып жатыр, ол 22,2% дейін өсті.

Қыркүйекте азық-түлік емес тауарлардың инфляциясы 17%-ға дейін өсті. Жиһаз, жуғыш және тазалау құралдарының, тұрмыстық тауарлардың, қатты отын мен аяқ киімнің құны айтарлықтай өсті. Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсу қарқыны 12,3% жетті. Жылдық инфляция өсімінің сақталуын қыркүйекте 19,7% жеткен жоғары базалық инфляция көрсетеді. Бұл тауарлар мен қызметтердің кең спектріне бағаның жоғары өсу қарқынын растайды, — деді Пірматов.

Айта кетейік, ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16% дейін көтерді. Базалық мөлшерлеменің ұлғаюының әсері шаруашылық жүргізуші субъектілердің жинақтау белсенділігін қолдап, ішкі валюта нарығындағы тепе-теңдікті сақтауға ықпал ете отырып, 1-2 жылға артта қалумен көрінеді.