ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне ұстап беруге келісті

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайты хабарлады.

26 қазанда бейнеконференция форматында құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 7-отырысы өтті.

СЖҚІМАК өз қызметінде ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне есеп береді.

2022 жылы 14 қазанда Астанада ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның шеңберінде мемлекет басшылары аталған келісімге қол қойды, оны кеңес қызметінің құқықтық негізі деп тануға болады.

Келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтармен күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететін болады.

Атап айтқанда:

  • сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетіледі;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізіледі;
  • сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару ынтымақтаса жүзеге асырылады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылады және пайдаланылады;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленеді;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылады;
  • кадрлардың біліктілігі арттырылады және т.б. жүзеге асырылады.