Армения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Армения президенті Армен Саркисян 3 маусымда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Армения президентінің ресми сайтында хабарланды.

Сапар барысында Армен Саркисянның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі белгіленген. Сонымен бірге Армения президенті Қазақстан Парламентінің басшылығымен кездеседі, — делінген хабарламада.

Кездесулерде армян-қазақ екіжақты ынтымақтастық пен мемлекетаралық қатынастарға, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы шеңберіндегі өзара іс-қимылға қатысты мәселелер талқыланады.

Сонымен бірге Арменияда және өңірде соғыстан кейінгі кезеңде пайда болған проблемалар айтылады.

ДереккөзHolanews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз