Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі жерінде ұйымдастырылады. Атырау көпірі маңында (қала жағалауы) және Ботаникалық бақ аумағында. Ұзақтығы – шамамен 10 минут, яғни 3,5 мың рет атылады, — деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Оның айтуынша, Республика күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өтеді.

Мереке аясында елордада түрлі сала бойынша еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, сонымен қатар батылдығымен көзге түскен азаматтар марапатталады, — деді баспасөз хатшы.