Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

СҚО-да ірі қарадан бруцеллез табылған ауыл карантинге жабылады

Фото: 24.kz

Осыған байланысты аталған елді мекенде шектеу шараларын енгізу ұсынылды.

Ірі қара малдан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Куйбышев ауылдық округінің Надежка ауылындағы 4 линия көшесіне шектеу шаралары белгіленсін, — деп көрсетілген ауылдық округ әкімінің шешімінде.

Құжатты ашық талқылау 1 қарашаға дейін жалғасып жатыр.

Айта кетейік, биылғы 8 айда Батыс Қазақстан облысында 3 582 бас ірі қара мен 588 бас ұсақ малдан бруцеллез анықталған. Жергілікті атқарушы органның дерегінше, олар союға жіберілген.

Мақалаға реакция