Басты бетЖаңалықтарМинистр: Елімізде...

Министр: Елімізде 6 800 тұрмысы нашар отбасы бар

Кейінгі мәселе – қазір елімізде 6 800 тұрмысы нашар отбасы, оларда 10 мың бала бар. Олар тәуекел аумағына кіреді. Сондықтан, мемлекет тарапынан ерекше назарды қажет етеді. Заңнамада олардың медициналық-әлеуметтік есебін қалыптастыру туралы норма көзделген. Бірақ, бұл іс-шаралар іске асып жатқан жоқ. Медициналық-әлеуметтік есепке алу ережелері әлі күнге дейін әзірленбеген, — деді Марат Ахметжанов.

Министрдің айтуынша, осыған байланысты аталған салаға жауапты мемлекеттік орган ретінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін белгілеу қажет.