Алматының екі ауданында суық су болмайды

«Алматы су» мәліметінше, Түрксіб ауданында 19 қазанда сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 19-әскери қалашық пен СМУ тұрғын алабы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады.

Әуезов ауданында 19 қазанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Мамыр-4, Мамыр-7, Достық шағынаудандарында Пригородная-Шаляпин, Яссауи-Паклиевский көшелері шаршысында суық су беру уақытша тоқтатылады. Енгізілген шектеулер сумен жабдықтау желілеріндегі жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.