Қазақстан мен Түрікменстан президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады

Түрікменстан президенті ретінде Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл сапардың айрықша мән-маңызы бар. Биыл Қазақстан мен Түрікменстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толып отыр. Осы кезең ішінде ынтымақтастығымыз барынша нығая түсті. Түрікменстан біз үшін бауырлас, достас ел. Сонымен қатар маңызды әрі сенімді серіктес. Елдеріміздің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі мен діні ұқсас, тарихымых тамырлас. Біз түбі бір түркі халықтарымыз, — деді Қазақстан президенті бірлескен мәлімдемеге қол қою рәсімнен кейін.

Мемлекет басшысы екі ел әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатқандығын баса айтты.

Осындай құндылықтар ең басты байлығымыз. Сондықтан бауырлас қарым-қатынасты нығайту ортақ парызымыз. Бүгін екі елдің мүддесіне сай келетін аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Сонымен бірге бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Бірқатар маңызды келісімшартқа қол қойдық. Осы сапар қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамытуға тың серпін береді деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.