Қазақстан мен Түрікменстан маңызды құжаттарға қол қояды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.