Қазақстаннан Вьетнамға жаңа әуе рейстері ашылады

Рейстер Алматы – Нячанг бағыты бойынша А330 типті әуе кемелерінде аптасына екі рейс (сәрсенбі, сенбі) жиілігімен орындалады.

Сонымен қатар 2022 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Vietjet Air А330 типті әуе кемелерінде аптасына екі рейс (дүйсенбі, бейсенбі) жиілігімен Астана — Нячанг бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, VietJet Air — вьетнамдық төмен бюджеттік әуекомпания. 2007 жылы құрылған. Airbus A320, A321 және A330 типті 100-ге жуық әуе кемесін басқарады.