Вьетнам президенті Тоқаевты өз еліне сапармен келуге шақырды

Әңгімелесу барысында Қазақстан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскенін, екі ел арасындағы әуе қатынасының ашылғанын айтты. Сонымен қатар сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президенті Нгуен Суан Фукке сәлем жолдады.

Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан Қазақстан президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.