ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде тіркеді

Күн тәртібіне Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде тіркеу мәселесі қойылды.

Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, ҚР президенттігіне кандидатты қолдау үшін уәкілетті өкілдер Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 399 809 азаматтың қолын жинады. Бүгінде олардың 141 045-і тексерілді, тексерілгендердің 140 167-сі түпнұсқа деп танылды, — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құжаттары президенттікке кандидат ретінде Орталық сайлау комиссиясына тапсырылған еді.