Оқу-ағарту министрлігі комитетінің төрағасы тағайындалды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы бойынша, Насымжан Жамбекқызы Оспанова ҚР оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Насымжан Оспанова 1969 жылы Алматы облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалын, Алматы Менеджмент университетін бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматының №18 кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері болып бастаған.