ОСК президенттікке үміткер неше адамның құжаты кері қайтарылғанын айтты

Орталық сайлау комиссиясына осы күнге дейін неше адамнан кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсыныс түсті? Ол ұсыныстың нешеуінен бас тартылды?,-деп сұрады БАҚ өкілі ОСК-ның кезекті брифингісінде.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, тек бір адамның құжаты ғана кері қайтарылған.

Біз ұсыныс қабылдамаймыз, құжат қабылдаймыз. Құжат тапсырған 12 тұлға бар. Осы тұлғалардың бәрінің аты-жөнін жаңа ғана атап шықтым. Ал емтихан тапсырған 5 үміткер бар. Бүгін тағы 2 емтихан бар, түс қайта, — деген ОСК хатшысы.