Қазақстан Украинадағы елшіліктің қызметкерлерін эвакуациялауды жоспарлап отыр

Министрлік Украинада қанша Қазақстан азаматы бар екенін тексеріп жатыр.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, бірінші эвакуация кезінде көбі кеткен, біреу кейін қайтқан, сондықтан әзірге нақты сан жоқ.

Елшілік қазір жұмыс істеп тұр. Қазір елшілікті жабу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Күн тәртібінде біздің елшіліктің қызметкерлерін эвакуациялау мәселесі тұр, — деді үкімет отырысында сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол әзірге Қазақстан азаматтарының ешқайсысы сыртқы істер министрлігіне эвакуациялау туралы өтінішпен жүгінбегенін айтты.