Елена Рыбакина Чехиядағы турнирдің финалына өте алмады

Рыбакина жартылай финалда әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші матчты сәтті бастап, бірінші партияны сенімді ұтты – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте Крейчикованың жолы болды – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда чехиялық спортшы таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.

Осы жарыста қазақстандық Анна Данилина да жұптық сында финалға шыға алмады. Ол бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда поляк теннисшісі Алисия Росольска – жаңазеландиялық Эрин Рутлифке жол берді – 4:6, 2:6.