«Алматы жастары» бағдарламасына қатысушыларға екінші мүмкіндік берілді

Бұл жолы бағдарламаға биыл негізгі байқаулық іріктеу кезеңінде (2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін) өтініш берген, бірақ құжаттың дұрыс толтырылмауына/рәсімделмеуіне/берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана бағдарламаға қатыса алады, — делінген хабарламада.

Барлығы 1 000 өтінім қарастырылып, төлем қабілеттігі бойынша 863 несие мақұлданды. Қалған 137 орынға бұрын құжат тапсырған 5 225 қатысушы үміткер бола алады. 2022 жылдың 10-14 қазан аралығында almaty-zhastary.kz сайты арқылы өтініміңізге өзгеріс енгізіп, құжаттарды тізімге сәйкес жаңартуға болады.

Айта кетейік, бағдарламаның бюджетіне 18 миллиард теңге қарастырылып отыр.

  • Несиенің ең жоғары сомасы – 18 миллион теңгеге дейін,
  • сыйақы мөлшерлемесі – 5,
  • бастапқы жарнасы – 10%.

Қатысушының жаңа салынған немесе қолданыстағы тұрғын үй нарығынан 45 күнтізбелік күн ішінде үй таңдау мүмкіндігі бар.

Өтініш бере алатын азаматтар санатына Алматыдағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемеде еңбек ететіндер, дәрігерлер мен мейірбикелер, педагогтар мен тәрбиешілер, әртістер, жазушылар, мәдениет саласының мамандары, жаттықтырушылар мен спортшылар, ЖОО оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мамандары: журналистер мен БАҚ қызметкерлері (мемлекеттік және коммерциялық), өндірістік салада еңбек ететіндер кіреді. «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркелу міндетті емес.